Усть-Каменогорск
ясно
+4°
  • Усть-Каменогорск
    +4°
  • Алматы
    +18°
  • Нур-Султан (Астана)
    +8°
  • Актобе
    +17°
  • Форт-Шевченко
    +17°
  • Атырау
    +20°
  • Караганда
    +8°
  • Кокшетау
    +5°
  • Костанай
    +10°
  • Кызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +19°
  • Уральск
    +15°
  • Шымкент
    +23°
$
443.85
-0.47
474.3
+0.97
¥
61.25
-0.06
4.8
+0.04
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

ШҚО-да мамырда аурухана ашылады

Өскемен қаласының Куленов кентінде салынып жатқан 212 орынға арналған поликлиника мамыр айының ортасында пайдалануға беріледі

Былтыр наурыз айында құрылысы басталған аурухана биыл наурызда аяқталуы тиіс болатын.

Алайда денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға құрал-жабдықтар сатып алу қажеттігін айтып, ашылуды тағы да екі айға кері шегеріп отыр. Ал аталған нысанның жұмыстарымен танысып қайтуға барған облыс әкімі Даниал Ахметов поликлиниканың ашылуы жоспарлы уақытқа дөп келмегеніне қынжылыс танытты.

- Нысан құрылысының басталғанына бір жыл уақыт болды. Алайда қандай жабдықтарды сатып алу қажеттігін енді ғана ойлап жатқандарыңыз жарамайды, - деп ескерту жасады Даниал Ахметов.

Бұл ауруханаға Куленов кенті мен Жыланды ауылының, ЖМК ауданының тұрғындары келіп қаралады. Аталған аумақта халық саны күн сайын артып келе жатқандықтан әрі ЖМК ауданындағы шағын, жалғыз поликлиника тұрғындарға толық қызмет көрсете алмағандықтан жаңа аурухана ашу туралы ой қозғалған. Жоспар бойынша бұл поликлиника 10 мың адамға қызмет көрсетеді. Ішінде рентген, УДЗ кабинеті болады. Терапевт, гинеколог, невропатолог, медбике сынды маңызды медициналық қызметкерлердің барлығы болмақ. Поликлиника қалалық №2 аурухананың бір бөлімшесі ретінде ашылады.

Ал алдағы уақытта ауруханаға үш жабдық түрі сатып алынбақ. Олар мамыр айында жеткізіледі деп күтілуде. Облыс әкімі шағын ғана аурухананың құрылысын ұзаққа созбай, 15 мамырда қолданысқа беруді тапсырды.

- Мердігерден нысанды қабылдап алар кезде де сапасына мән беріңіздер, - деп тапсырма берді облыс әкімі денсаулық сақтау басқармасының басшысына.

Ал сөз соңында ғимараттың түр-түсіне көп мән беретін облыс басшысы аурухананың іші сары түске боялғанына сыни көзбен қарап, оның түсін де өзгертуді, адамға жағымды көңіл-күй сыйлайтын түспен бояуды тапсырды.

Следующая →