Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Аягөз-Баршатас жолы жөнделеді

Алдыңғы жылдан басталған Аягөз ауданы арқылы өтетін Боғас-Қарағанды тас жолының биыл Аягөзден Баршатас ауылына дейінгі бөлігі жөнделмек

Тарбағатай ауданының Боғас-Ақсуат ауылдарынан Аягөз қаласы арқылы Қарағанды қаласына апаратын республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстары осыдан екі жыл бұрын басталған. Алғашында Боғас бекетінен Аягөз ауданындағы Тарбағатай ауылына дейінгі жол жөнделсе, былтыр Тарбағатай ауылынан Аягөз қаласына дейінгі жол жөнделген. Жөнделген жолдың жалпы ұзындығы - 78 шақырым.

- Енді Аягөзден батысқа қарай Малгелді ауылына дейінгі жолды жөндеуді мақсат етіп отырмыз. Аягөз бен Малгелді ауылының арасындағы жол - 225 шақырым. Тас жол Малгелді ауылынан кейін Қарағанды облысының аумағына қарай өтеді. Біздің мақсатымыз - отыз жыл жөндеу көрмеген осы жолды Қарағанды облысының шекарасына дейін қалпына келтіру. Биыл Баршатас ауылына дейінгі 180 шақырымды жөндеуді ойлап отырмыз. Былтыр бұл жолдың 70 шақырымын жөндеген болатынбыз. Енді қалған жүз шақырымы бар. Ал ендігі жылы Бақшатастан Малгелді ауылына дейінгі жолды жөндегіміз келеді, - дейді Аягөз ауданы әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы.

Аягөз қаласы мен Баршатас ауылының арасында Қосағаш, Мәдениет, Шағырай, Айғыз сынды елдімекендер бір жолдың бойында жатыр.

Следующая →