Усть-Каменогорск
ясно
+14°
  • Усть-Каменогорск
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Нур-Султан (Астана)
    +20°
  • Актобе
    +21°
  • Форт-Шевченко
    +21°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +16°
  • Кокшетау
    +19°
  • Костанай
    +20°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Уральск
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Перинаталды орталық - перзентхана емес

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семейдің Перинаталдық орталығында жаңадан орнатылған құрылғылармен танысып, Англияның ең үздік клиникаларында біліктілікті арттыру курстарынан өткен мамандармен кездесті

Перинаталды орталыққа 50 дана техника мен көпфункциялы операциялық үстелдер, УДЗ, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубаторлар, ультрадыбыстық аппарат, бактериологиялық анализатор сынды 358 түрлі құралдар сатып алынған.  Мұнымен қоса, рентген кабинеттері толықтай жаңартылды.

- Медицина ұйымдарының техникалық жабдықталу деңгейі дамыған елдерден кем емес. Бірақ біз базалық білім бойынша артта қалып отырмыз, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Шетелдегі дайындық деңгейінің әлдеқайда жоғары екенін мойындауымыз керек. Барға қанағаттанып отыра бермей, ізденісімізді арттыра жүрген шарт. Перинаталды орталық перзентхана емес, бұл біліктілік орталығына айналуы тиіс.

Айта кету керек,  Шығыс Қазақстан облысы әкімінің медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламасы аясында 2016 жылы Перинаталды орталықтың 6 маманы, ал 2017 жылы 9 маманы Лондон клиникасынан біліктілігін арттырып келді.

Следующая →