Усть-Каменогорск
пасмурно
-4°
  • Усть-Каменогорск
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Нур-Султан (Астана)
    -7°
  • Актобе
    -3°
  • Форт-Шевченко
    +10°
  • Атырау
    +5°
  • Караганда
    -8°
  • Кокшетау
    -5°
  • Костанай
    -5°
  • Кызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Уральск
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Атом саласының мамандары тапшы

Өскеменде ядролық технологияларды қолдану және әлемдік энергобаланстағы атом энергетикасының рөлі туралы семинар өтті

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткен семинарға 100-ден аса адам қатысты. Қатысушылардың басым бөлігі - студенттер мен атом саласында білім нәрін сусындаймын деген оқушылар.

Аталған шараны Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен Орталық Азиядағы «Росатом» мемлекеттік корпорациясының өңірлік орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Басты мақсат - оқушылар мен студенттерді медицина, ауылшаруашылық, өнеркәсіп және өзге де салалардағы алдыңғы қатарлы ядролық технологиялардың мүмкіндіктерімен таныстыру.

- Ядролық және радиациялық технологиялардың қолданылу аясы айтарлықтай кең – бұл технологияларға жүгінген елдердің бәсекелестері кем де кем, - дейді «Мәскеу инженерлік-физика институты» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің ядролық физика және технологиясы бөлімінің доценті Ольга Момот. - Материалдарды шебер зерттеу тәсілдері физиктер мен химиктерге, металлургтер мен электр саласындағыларға, өнер және археолог мамандарға көп септігін тигізді. Дәрігерлер жазылмайтын дерт деп танылған аурулардың жаңа диагностикасын ашты. Мысалы, адам ағзасындағы метастазаның 40 пайызы радиациялық фармацевтикалық дәрілердің көмегімен анықталады. Сол сияқты, радиациялық өңдеу жұмыстарының көмегімен азық-түліктерді сақтау мерзімін 2-3 есеге созуға болады. Бүгінгі таңда ядролық және радиациялық технологиялар нарығы қарқынды дамып келеді.

Ядролық сала білімінде Ресей әрқашан Қазақстанның дәстүрлі серіктесі ретінде танылып келген. Бүгінгі таңда еліміз бұл білім жолында өз арнасын салып бастады.

- Отандық атом саласындағы басым мақсаттардың бірі - жоғары тәжірибелі мамандар даярлау. Бір жыл бұрын Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ жаңа технологиялар мен атом өнеркәсібіндегі материалдар кафедрасын ашып, болашақ кадрларды даярлаудың жаңа деңгейіне көтерілді. Бұл салада сабақ жүргізу үшін ресейлік алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындары тартылды, - дейді кафедра жетекшісі Тамара Сегеда. - Ресейлік ғалымдар мен инженерлердің тәжірибесі мен деңгейі елімізде ерекше мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда ШҚМТУ атом саласындағы мамандарды даярлайтын Қазақстандағы жалғыз жоғарғы оқу орны. Уран өндіру бойынша алдыңғы қатарда тұрған Қазақстан үшін бұл технологиялардың маңызы зор.

- «Қазатомпром» Ұлттық компаниясы бүгінгі таңда атом саласындағы мамандарды даярлау үшін осы университетке қаражат бөлген. Осы семинардың арқасында шетелдік мамандармен тәжірибе алмасудың мүмкіндігі туындап отыр, - дейді «Қазатомпром-Даму» ЖШС менеджері Төлеухан Қаныбек. - Жуықта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында да атом өнеркәсібін дамыту туралы айтып өткен. Сол сияқты 2020 жылға арналған Атом өнеркәсібін дамыту бойынша Елбасы белгілеген стратегия бар. Біз уран өндіру технологиясын дамытуды көздейміз.

«Қазатомпром» маманының айтуынша, Қазақстанда атом саласында маман тапшылығы байқалады. Бірақ бүгінгі таңда білікті жастар бұл саланы игеруге ықпал ететін жерлерге жіберіліп, кадрлар тапшылығы толтырылып жатыр.

Атом энергетикасының қаншалықты зиянсыз, пайдалы екені тәжірибе жүзінде дәлелденген. Жоғары білімді мамандардың көмегімен бұл саланың тек жарқын болашаққа бастар жол екенін әрбір мемлекет түсінеді. Қазақстанның бүгінгі өнеркәсіптік салаларға ден қоюының астары да аян.

Следующая →