Усть-Каменогорск
ясно
+9°
  • Усть-Каменогорск
    +9°
  • Алматы
    +19°
  • Нур-Султан (Астана)
    +14°
  • Актобе
    +24°
  • Форт-Шевченко
    +19°
  • Атырау
    +22°
  • Караганда
    +14°
  • Кокшетау
    +10°
  • Костанай
    +19°
  • Кызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +17°
  • Уральск
    +19°
  • Шымкент
    +20°
$
444.32
-1.34
473.33
-1.25
¥
61.31
-0.22
4.76
-0.02
Курсы Национального Банка РК

Звоните, если вы стали очевидцем происшествия, ваши права нарушены, или хотите поднять проблему

Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі пәтерді күл-талқан етті

Қарағанды қаласының  Пришахтинск ауданында газ балоны жарылып, нәтижесінде үш адам зардап шекті

Происшествия в Казахстане и мире / Қарағандыда газ баллоны жарылып, екі пәтерді күл-талқан етті
Фото:
bloknot.ru
Қарағандының Пришахтинск ауданында газ балон жарылып, нәтижесінде үш адам зардап шекті. Олардың бірі бала деп хабарлайды облыстың ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

«Бес қабатты үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерде газ қоспасының жарылғаны анықталды (5 литрлік газ балон). Жарылыс салдарынан бөлмелердің қабырғасы, ас үй, жуынатын бөлме, дәліз және қонақ бөлмесінің жарты қабырғасы) құлаған. Жарылыс салдары 40 шаршы метрді құраған”, – деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД.

Қатты жарылыстан бесінші қабаттағы пәтердің арасын бөліп тұратын қабырға құлап, терезелері сынған. “Жоғарғы пәтердегі шығын 18 шаршы метр аумақты қамтып отыр. Екі пәтердегі жүктеме түсетін сыртқы қабырғаларға зақым келмеген. Жарылыс болған пәтер арасындағы жабынды плита бүлінген”, — деп хабарлады ТЖД.


Оқиғадан үш адам зардап шеккен. Олар ер және әйел адам сонымен бірге 6 жастағы бала. Балақай көршілес пәтер тұрғыны. Ер мен әйел адам күйікке шалдыққан, балақай түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

15 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі тонаушылықтың алдын-алу үшін зардап шеккен пәтер тұрғындарының мүліктерін полиция қызметкерлері қарауылдайтынын атап өтті.

“Үйді күзететін полицейлердің шебі құрылды. Олар мүлікті тәулік бойы күзетеді”, – деді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
 
Следующая →