/ Жұмыс іздеу үшін барлық құралдар жарайды
/ Рекламные блоки

Жұмыс іздеу үшін барлық құралдар жарайды

Еңбектің электронды биржасы – жұмысқа орналастырудың жаңа механизмі
17 сентября 2018 года, 17:45 2414 Устинка Live
Новости компаний. - Жұмыс іздеу үшін барлық құралдар жарайды
Источник: © Устинка Live Фото: © Устинка Live
Қазақстанда азаматтар мен білікті мамандарға жұмыс іздеуді жеңілдету мақсатында 2018 жылдың басынан жұмыс берушілерге арналған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің enbek.kz порталы негізінде Еңбектің электронды биржасы құрылып, жұмыс істеуде.

Халықпен мекенжайлы жұмыс түріне ауысу адамдарға Еңбектің электронды биржасы, ХҚКО, ауыл округтарының әкімдеріне өтініштерімен баруға мүмкіндік береді.

Еңбектің электронды биржасы – бұл еңбек нарығында барлық мүдделі тұлғалардан: халықты жұмыспен қамту орталықтары, жұмыс іздеушілер, кәсіпорындар, жұмысшыларды іздеумен айналысатын меншік ұйымдар мен компаниялардан келіп түсетін ақпараттың бірыңғай базасы.

Құрылған онлайн-платформа дәстүрлі еңбек делдалдығынан бос орын мен жұмысшыларды өз бетімен таңдауға өтуге мүмкіндік береді.

Жұмыс іздеуші жұмыс орнын өз бетімен таба алады. Жұмыс берушілерге «Жеке кабинетте» бос орын, талаптар, жалақысы мен біліктілік дағдылары туралы мәліметтерді қалдыруы жеткілікті.

Еңбектің электронды биржасының порталында әртүрлі ақпарат көздерінен: өз бетімен тіркелген жұмыс берушілер, жұмыспен қамтудың жеке агенттіктерінен, сонымен қатар Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жұмыс берушілермен хабарланған «Еңбек нарығы» ААЖ бос орындары жарияланады.

Ақпарат көздермен порталда тіркелген бос орындардың өзектілігі олармен өз бетімен реттеледі. Бос орындарды орналастыру мерзімі - максималды 1 ай. Бұл мерзім аяқталған соң бос орындар порталдан жойылады. Сонымен бірге бос орындардың иелері жеке кабинеттерінде бұларды мерзімінен бұрын өшіре алады.

«Еңбек нарығы» ААЖ арқылы Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан келіп түсетін бос орындар 1 айға жарияланады және бұл мерзім аяқталған соң порталдан жойылады. Ггер бұлар бойынша «Жабық» мәртебесі келіп түссе, бос орындар 1 айдан бұрын да жойыла алады,. Порталға Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан келіп түскен бос орындардың өзектілігі орталықтардың мамандарымен бақыланады.

Электронды ресурс азаматтарға жұмыс, ал жұмыс берушілерге жұмысшыларды табуға көмектесу үшін әзірленген. Портал жұмысты іздеу және іріктеу бойынша көпшілік коммерциялық сайттар сияқты жұмыс істейді.

Еңбектің электронды биржасының басқа порталдардан өзгешеліктері:

Тұтынушы үшін тегін болуы, контрагенттердің сенімділігі, жарнаманың жоқтығы, халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызмет органдарының тарапынан қолдауы, бос орынды және жұмыс берушілерді мұқият тексеруі.

Бос орынға жұмыс іздеушілерді іздеуді жүзеге асыру үшін жұмыс берушіге бос орынды құру (жұмыс іздеушілер Сізді портал базасында тауып алу үшін), қажетті Жұмыс іздеушілердің түйіндемелерін табу және Сіздің бос орныңыздың атауы бойынша (бұны порталдың басты парақшасында іздеу жолында көрсетіп) сұхбаттасуға шақыру керек. Іздеу критерийлері (жалақы мөлшері, жұмыс істеу аймағы, қажетті еңбек өтілімі мен басқа критерийлер) бар.

Жұмыс іздеушілерді іздеу үшін порталда тіркелу міндетті емес, бірақ бос орынды жариялау және жұмыс іздеушілермен байланысу үшін порталда тіркелу міндетті болып табылады.
Порталда бос орынды құру үшін жұмыс берушіге тіркелу керек. Тіркелу электронды үкімет инфрақұрылымын пайдаланумен жүзеге асырылады, бұл инфрақұрылым мемлекеттік қызметтерді электронды түрде ұсынуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жұмыс берушінің сіздің компанияңыз туралы мәліметтерді Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарымен тексерумен бірге порталда тіркелуі мүмкін.

Еңбектің электронды биржасына тіркелу жұмыс берушіге келесідей мүмкіндіктер береді: түйіндемелерге жауап жіберу, базада жаңа түйіндемелердің пайда болуы туралы хабарламаларға жазылу, бос орындарды құру, сақтау және түзету.

Жұмысты іздеу бойынша бірыңғай онлайн алаңшаның құрылымы екі негізгі тараудан тұрады: "Жұмыс іздеуші үшін" және "Жұмыс беруші үшін", сәйкесінше біріншісінде бос орындар, ал екіншісінде жұмыс іздеушілердің (жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздар) түйіндемелері орналастырылады.

Жұмыс беруші өз бос орнын ұсынатын еңбектің электронды биржасында бос орындарды орналастыру мүдделі жұмыс іздеушіге жұмыстың нақты ұсынысына жауап қайтаруға мүмкіндік береді.


Еңбектің электронды биржасының жұмыс берушілер үшін артықшылықтары.

Жүйе орналастырылған бос орынға еркін түрде жауап қайтаруға жол бермей, нақты түйіндемені құрастыруды талап етуінде. Жұмыс іздеушіге шынымен де бос орын қызықты болған жағдайда, ол өз түйіндемесін құрастырады және жұмыс беруші бұны алады. Егер жұмыс іздеушінің жұмыс табуға үлкен ұмтылысы жоқ болған жағдайда, әдетте ол түйіндемені берілген бос орынға лайықты қылып құрастырудан бас тартады. Сәйкесінше, жұмыс беруші Еңбектің электронды биржасын қолдана отырып , тек мүдделі үміткерлермен тілдесетін болады, осылайша уақытын үнемдейді.


Еңбектің электронды биржасының жұмыс іздеушілер үшін артықшылықтары.

Жұмыс іздеушілер үшін мультитүйіндеме жүйесі қарастырылған, бұл дегеніміз, әртүрлі бос орындар үшін шексіз түйіндемелер санын құру мүмкіндігі бар, яғни, еңбек биржасы арқылы жұмысты іздеу жүйесінен бос орындардың үлкен санын іздеп, түйіндеменің бірдей мәтінін жіберуге қарағанда анағұрлым нысаналы қылады.

Жұмыс іздеушілер арам жұмыс берушілерден қорғалған, өйткені олардың түйіндемесі ашық қолжетімділікте емес және таңдалған жұмыс берушіге ғана жіберіледі. Сәйкесінше, жұмыс іздеушілерге аздаған әрекет жасап қана, қомақты қаражат табудың алдамшы ұсыныстары бар хаттар түспейді.

Еңбектің электронды биржасы «Сандық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының алғашқы жүзеге асырылған жобасы болып табылады.

Қазіргі уақытта Android базасында еңбектің электронды биржасының мобильді қосымшасы жұмыс істейді. 2018 жылдың соңына дейін ЕЭБ мобильді қосымшасы IOS базасында жүзеге асырылады.

Загрузка...

Новости по теме

Получайте уведомления от Устинка Live