Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алтай ауданындағы аурухана заманауи медициналық мекемеге айналмақ

Биыл ауруханаға күрделі жөндеу жүргізуге 680 миллион теңге бөлінген

Усть-Каменогорск и ВКО / Зыряновск (Зыряновский р-он) / Алтай ауданындағы аурухана заманауи медициналық мекемеге айналмақ
Фото:
instagram/altai_audanynyn_akimdigi

Алтай аудандық әкімдігі осы қаражатқа 1964 жылы салынған ғимараттың екі қабатын заманауи үлгідегі медициналық мекемеге айналдыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Өткен жылы аурухананың стационарлық бөлімшесінің 2-ші және 3-ші қабаттары жөндеу бойынша жоба дайындалды. 12 мамырдан бастап бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күрделі жөндеу процесі клиенттерді қабылдауға кедергі келтірмейді, - деп хабарлады жергілікті әкімдіктегілер.

Мердігер ұйым қабырғалары, төбесі мен терезелерін қалдырып, бөлшектеу жұмыстарын аяқтады қалды. Электромонтерлер қазір электр жарығы мен коммуникация тартып жатыр.

Екі операциялық бөлменің орнына үшінші қабатта орналасатын үш операциялық блок болады. Жансақтау бөлімінде бір үлкен бөлме болады. Барлық операциялық бөлмелерде, таңу және емдеу бөлмелерінде қабырғалар арнайы медициналық панельдермен қапталады. Сондай-ақ бейнежүйе, өртке қарсы жүйе және интернет орнатылады. Мердігер ұйымның жұмысы аурухананың құрылыс инженерінің үнемі қадағалауында. Жөндеу жұмыстарының жалпы мерзімі 6 айды құрайды, - деді әкімдіктегілер.

Следующая →