Алтай ауданында таудан сел жүрді
Шірікқайың ауылы маңындағы егістік алқабын, су өткізу құбырларын су шайды, сорғы станциясы судың астында қалды
Қазір жағдай біртіндеп қалыпқа келтірілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алтай ауданы әкімдігі ақпараты бойынша, Средигорное ауылдық округінің Шірікқайың ауылында сенбі күні сағат 19.00 ауа райының қолайсыздығынан және жауын-шашынның көп жаууынан таудан сел жүрген.
"Средигорненский" ЖШС егістік алаңдарының бір бөлігін, Тәуелсіздік көшесіндегі су өткізу құбырларын су шайды, сорғы станциясы судың астында қалды, - деп хабарлады аудан әкімдігіндегілер. - Кеше 16 маусымда “Средигорненский” ЖШС сорғы станциясын өз күшімен тазарту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, су өткізу құбырлары топырақпен жабылды. Техника түнімен жұмыс істеді, бірлескен күшпен өткел қалпына келтірілді.
Бүгін резервтік ұңғыманы қосып, сорғы станциясын қалпына келтіруге кірісті. Қазіргі таңда ауылда ауыз су тапшылығы мәселесі шешілген.