Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +29°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +25°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +33°
$
464.72
496.32
¥
64
5.4
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жаңа Бұқтырмада қазақ мектебі салынып жатыр

Құрылыс жұмыстары 2023-24 жылдарға жоспарланған

Усть-Каменогорск и ВКО / Зыряновск (Зыряновский р-он) / Жаңа Бұқтырмада қазақ мектебі салынып жатыр
Фото:
Алтай ауданы әкімдігінен

Қазіргі уақытта екі қабатты мектеп көтеріліп, ішкі қабырғалары бөлінген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2023 жылғы маусым айында Жаңа Бұқтырма кентінде 200 оқушыны қазақ тілінде оқытатын мектебінің құрылысы басталған.

Сондай-ақ Жаңа Бұқтырма кентіндегі дәрігерлік амбулаторияда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл медициналық көмек көрсету жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Аурухананы жөндеу жұмыстарын "Альянс21" ЖШС мердігер ұйымы жүргізуде, - деп хабарлады Алтай ауданы әкімдігі. - Шатыры ауыстырылып, 2-3-қабатқа пластикалық терезелер, жылу батареялары орнатылды. Жөндеу жұмыстары барысында ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу, есіктерді, едендерді, сондай-ақ кәріз және су құбырларын ауыстыру жоспарлануда. Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары аурухананың жұмысын жақсартып, медицина қызметкерлері мен емделушілер үшін қолайлы жағдай туғызады.

Аудан әкімінің орынбасары Жанна Аскарова аудандық мәслихаттың төрағасымен бірге Жаңа Бұқтырма кентін абаттандыру жұмыстарының барысымен де танысты.

Жаңа Бұқтырма кентінің орталық бөлігін абаттандыру, когалдандыру, жарықтандыру, балалар және спорт алаңдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Кенттің туризм саласына инвестиция тарту әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жылумен қамту және жолдарды күрделі жөндеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде, - делінген әкімдік ақпаратында. - Өткен жылы басталған аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасын тауып, атқарылып жатқан жұмыстар кент тұрғындары мен қонақтарының жаз мезгілінде осы жерде демалуларына септігін тигізеді.


Следующая →