Бұқтырма өзені арнасынан асып, бір ауылдың үйлерін су басу қаупі төнді
Бүгін жауын-шашынның мол түсуінен Алтай ауданы Зубовск кентіндегі Бұқтырма өзенінің деңгейі көтерілді
Ауылдағы 5 тұрғын үйге және 24 үйдің ауласына су кіру қаупі төнген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.
Аудан әкімдігі мен ТЖ алдын ала іс-қимылдарының арқасында тұрғын үйлерді топан су қауіпінен сақтап қалды. Өзен жағалауы алдын ала нығайтылып, су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді. Тұрғындар эвакуациядан өз еріктерімен бас тартқан, қазір олар туыстарына уақытша орналастырылды. Ауыл мектебінде сабақтар қашықтан өтіп жатыр.
ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов пен ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев ауданға келіп, жағдайды өз бақылауына алды. Әуе қозғалысы арқылы аудандағы өзен деңгейін бақылау жұмыстары жүруде.
Сондай-ақ, бүгін Катонқарағай ауданы Коробиха ауылында да өзен деңгейі көтерілді. Су тұрғын үйлер мен үй маңындағы аумақтарға енбей, көше бойымен ақты. Сағат 10.00-де өзен суының деңгейі төмендеді.