Өскемен
пасмурно
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Алматы
    -5°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -3°
  • Қарағанды
    -10°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -4°
  • Туркестан
    -9°
  • Шымкент
    -4°
$
523.86
-0.16
544.34
-0.85
¥
71.77
-0.05
5.11
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Алтай ауданын көркейтудің бірден-бір жолы – туризмді дамыту

Жаңа Бұқтырма кенті мен Бұқтырма жағалауын абаттандыру бойынша 2025 жылға дейін арнайы жоспар жасалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Зыряновск (Зыряновский р-он) / Алтай ауданын көркейтудің бірден-бір жолы – туризмді дамыту
Фото:
Устинка LIVE

Алтай ауданының инфрақұрылымын дамытуға биыл 6,2 млрд теңге қарастырылған.

Биыл екі ауылға су құбыры тартылады. Малеевск және Путинцево су құбырын тарту үшін 950 млн теңге бөлінген.

Ауданның 11 ауылында су құбырларын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудандық бюджет есебінен 89 млн теңге қарастырылған. Жұмыстар 30 қыркүйекке дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, екі ауылдың көпірін, Алтай және Серебрянск қалаларының көшелерін, ауданның 10 кенті мен ауылын жөндеуге 503 млн теңге қарастырылған. Жұмыстар басталды, 30 тамызға дейін аяқталады. Абаттандыру саласында Алтай және Серебрянск қалаларында, ауданның 8 ауылында 98 млн теңгеге балалар және спорт алаңдарын жабдықтау және абаттандыру жұмыстары және Алтай қаласындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің аумағын сыртқы инженерлік желілермен, су, кәріз, телефон тарту, жылу желілері және электрмен қамту сынды абаттандыруға облыстық бюджеттен 133,8 млн теңге бөлінді, - деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

Туризм Алтай ауданын дамытудың жаңа векторы болып табылады. Жаңа Бұқтырма елді мекенін дамыту бойынша нақты іс-шаралар жоспары әзірленді.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Жаңа Бұқтырма кенті мен Бұқтырма жағалауының туризмін дамыту бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Аудан әкімі бірнеше рет тұрғындармен кездесіп,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жалпы бұл жұмыстар 3 кезеңге бөлінген. 2023 жылы Жаңа Бұқтырма кентінің орталық бөлігін абаттандыру, 200 орындық қазақ мектебін салу, көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту, дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеу, кірме және кент ішіндегі жолдарды орташа жөндеу, демалыс базаларына баратын жаяу жүргіншілерге арналған және веложолдар салу. Биыл осындай жұмыстар қарастырылған. Ал 2024 жылы "Арбат" жаяу серуендеу аймағын және қоғамдық жағажайды абаттандыру, 2 автомашинаға арналған өрт сөндіру бекетінің құрылысы жоспарланған. 2025 жылы Жаңа Бұқтырма кентінің артындағы "Кочевник" кафесі аумағына саябақ салу көзделіп отыр, - деді Жанна Аскарова.


Следующая →