Алтай ауданында мұз жару жұмыстарына 151 млн теңге бөлінген
Шығыс Қазақстан облысының Алтай аймағында мұз кептелісінің алдын алу үшін жарылыс жұмыстары жүргізіледі
Бұл туралы Алтай ауданы әкімінің орынбасары Сергей Охременко мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оның айтуынша наурыз айынан бастап аудандағы Бұқтырма өзенінің мұз кептелісі туындауы мүмкін 5 аймағында жарылыс жұмыстары жүргізілмек. Ауданы 85 мың шаршы метр мұзды жару үшін облыс әкімдігінен 151 млн теңге қаржы бөлінген.
Бүгінгі таңда Зубовск ауылында, Соловьево, Малеевск, Снегирево, Тұрғысын ауылдарында 78 су өткізгіш құбырларды, су бұру арналарының көпірлерін, ұзындығы 3000 метр арық жүйелерін тазарту шаралары жүргізілді, - деді Сергей Охременко.
Айта кеткен жөн, ақпан айынан бастап ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша өңірде су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режімі енгізілген.
Облыс бойынша Алтай, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Тарбағатай, Катонқарғай және Зайсан аудандары су басу қаупі бар.