Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шіліктілік марқұм Дәурен ақынның өлеңдерін ұлы жаңғыртты

Өскеменде Шілікті өңірінің тумасы, ақын Дәурен Қабдолдановтың "Ақкөңіл" өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Шіліктілік марқұм Дәурен ақынның өлеңдерін ұлы жаңғыртты
Фото:
А.С. Пушкин атындағы кітапхана

Дәурен Абдрахманұлының жырлары туған жер, құтты мекен, оның адамдары, тәуелсіздік, тіл, өнер туралы, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сауыр-Тарбағатай тауларының етегін жайлаған Шілікті жерінің тарихы терең,  сол киелі өңірден талай сөз зергерлері шыққан. Мәселен, табиғатына тартқан талант Хамит Балшабеков, Оралбек Бөкебаев, Әйгерім Жүрекбаева сынды ақындар бар. Осы ақындардың ізін жалғаған Дәурен Қабдолданов өзінің ақындық, әншілік, сал-серілік өнерімен халыққа танылды. Ел ішінде "Ақын Дәурен" деген атаққа ие болған ол қазақтың айтыс өнерін дамытуға үлкен үлес қосып, сол өңірдің әдебиеті мен мәдениетіне, рухани өміріне де көп еңбек сіңірген. Тәуелсіздік алған кездегі нарықтан кейін тұралап қалған ауылда өзінің ән-жырымен адамдарға рухани демеу болып, алқалы ортада өз өнерімен топ бастады. Ел алдында жарқылдап жүрген "Ақын Дәурен" жасындай жарқ етіп 45 жасқа толарында өмірден өтті.

Артында қалған өлеңдерін, жырларын, айтыстарын ақынның ұлы Аян жинап, құрастырып кітап етіп шығарды.

Следующая →