Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан ауданын абаттандыруға атсалысқандар жыл соңында марапатқа ие болады

Зайсан ауданында әр сенбі сайын өтетін тазалық акиясы басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан ауданын абаттандыруға атсалысқандар жыл соңында марапатқа ие болады
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Аудан әкімдігі әр тұрғынды "Таза Зайсан – таза табиғат" тазалық акциясына жауапкершілікпен қарап, бір кісідей қатысуға шақырады, деп хабарлайды Устинка LIVE сайтының тілшісі.

Ал жыл соңында белсенді тұрғындарды марапаттамақ.

Шығыстың алтын қақпасы атанған Зайсан жерінің тазалығын сақтау баршамыздың міндетіміз, - деп үндеді Зайсан аудандық әкімдігіндегілер. - "Тазалық – саулық негізі" деп дана халқымыз бекер айтпаған. Экологияны, табиғатты таза ұстауға, сақтауға арналған бастамалар жыл сайынғы тұрақты жұмысқа ұласып, өмір салтына айналуы керек. Біздің көрікті атамекеніміз Зайсан өңірі – ежелден қойнауы құтқа, өрісі малға толы, берекелі, мерекелі жер. Зайсан ауданы жылдан жылға көркейіп, даамып, гүлденіп келеді. Ауданымыздың таза, көрікті болғаны – баршамызға ортақ мақтаныш. Әр тұрғынның аудан тазалығына, гүлденіп, көркеюіне қосатын үлесі орасан зор. Сондықтан жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, аудан тұрғындарын, кәсіпкерлерді, меншік нысанына қарамастан мекеме, кәсіпорын, ұйымдар мен ұжым қызметкерлерін тазалық жұмыстарын жасауға, әр сенбі күні өтетін көктемгі "Таза Зайсан – таза табиғат" акциясына белсенді қатысуға шақырамыз.

Ауданның әр тұрғыны өз ауласын, есігінің алдын қоқыстан тазартып, ретке келтірсе, бір көше тазарады. Осылайша көшелердің таза болуы арқылы қаланың, ауылдың тазалығына әркім өз үлесін қоса алады.

Жыл соңында аула сыртын гүлмен көмкеріп, көпке үлгі болған азаматтар "Үлгілі үй", "Үлгілі мекеме", "Үлгілі көше", "Үлгілі мектеп", "Үлгілі ауыл" аталымдары бойынша арнайы жүлделермен марапатталатын болады.

Следующая →