Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсанда ауыз су мен кәріз су тарифтері өзгереді

8 наурыздан бастап аудан тұрғындары ауыз су мен кәріз суының бір текше метрі үшін төлемақыны жаңа триф бойынша төлейді

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсанда ауыз су мен кәріз су тарифтері өзгереді
Фото:
pexels

Бұл туралы "Зайсан" көпсалалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық жүргізу есебіндегі кәсіпорыны ескертті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Электр энергиясының қымбаттауына байланысты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 28 ақпанда кәріз суы мен ауыз суының тарифі бойынша №47-НҚ және №48-НҚ бұйрығын бекітті. Бұл бұйрық 8 наурыздан бастап күшіне енеді.

«Зайсан» көпсалалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық жүргізу есебіндегі кәсіпорыны ақпараты бойынша, Зайсан қаласы және 19 ауылдық елді мекеннің бір текше метр ауыз су тарифі қосымша кұн салығымен есептегенде:

• есепке алу аспаптары бар жеке тұтынушы тұлғалар үшін –148,61 теңге; (нормасы - 1 адамға айына 6,84 м3)
• су өлшегіш құралы бар өзге тұтынушылар үшін – 797,03теңге;
• су өлшегіш құралы бар бюджеттік мекемелер үшін – 2818,09 теңге.
Аталған бұйрықтың күшіне енуіне байланысты айлық төлемақы төмендегідей болады (қосымша құн салығымен):
• жеке тұтынушы үйіне су кіріп тұрған тұрғындарға 1 адамға -(бекітілген норма негізінде су өлшегіш құралы жоқ болса) 1016,42 теңге
• 1 адамға көшедегі су шүмектерінен (колонка) ауыз суды пайдаланатын тұрғындарға – 401,22 теңге
• Үй жануарларына 1 басқа (қыс айларына): ірі қара – 225,87 теңге, ұсақ малға – 66,88 теңге, шошқаға – 230,33 теңге.
Зайсан қаласы тұрғындарына бір текше метр кәріз су тарифі қосымша кұн салығымен есептегенде бекітілді:
• есепке алу аспаптары бар жеке тұтынушы тұлғалар үшін –139,05 теңге; (нормасы - 1 адамға айына 6,84 м3)
• су өлшегіш құралы бар өзге тұтынушылар үшін – 746,12 теңге;
• су өлшегіш құралы бар бюджеттік мекемелер үшін – 1479,39 теңге.
Аталған бұйрықтың күшіне енуіне байланысты айлық төлемақы төмендегідей болады (қосымша құн салығымен):
• жеке тұтынушы үйіне су кіріп тұрған тұрғындарға 1 адамға - (бекітілген норма негізінде өлшегіш құралы жоқ болса) 951,10 теңге

Следующая →