Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсандықтар Астана мен Алматыға ұшақ ұшқанын қалайды

Зайсан ауданының тұрғындары облыс әкіміне осы және өзге де тілек-арыздарын тікелей жеткізді

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсандықтар Астана мен Алматыға ұшақ ұшқанын қалайды
Фото:
pexels.com

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Зайсан ауданында халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аудан тұрғындары өздерінің өзекті сауалдарын қойып, бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Халық Зайсан әуежайынан рейстер санын ұлғайтуға, Алматы мен Астана бағыттарын қосуға тілек білдірді. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарын пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді қайтару, ауданды газдандыруды жалғастыру және сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселелері толғандырады. Барлық мәселелер бойынша бейінді басқармаларға тапсырмалар берілетін болады, - дейді Ермек Беделбайұлы.

Зайсандағы тағы бір маңызды мәселе - оқушылар ҰБТ тапсыру үшін 500 шақырымды еңсеріп, облыс орталығына баруға мәжбүр. Бұл жауапты емтихан алдында оқушылар үшін жұзақ жол жүру қолайсыз.

Облыс басшысы Зайсан қала мәртебесіне ие болғандықтан, мектеп оқушыларына ҰБТ-ны ауданда тапсыру мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.

Сапар барысында күрделі жөндеуді қажет ететін Үйдене су қоймасына бардым. Қазір мұнда тек еріген қар сулар жиналады, ал бұл жерді суару үшін жеткіліксіз. Қазір 2016 жылы жасалған жобалық-сметалық құжаттама түзету үстінде, нәтижесінде республикалық бюджеттен жөндеуге қаражат бөлінетін болады, - дейді Ермек Көшербаев.

Следующая →