Өскемен
пасмурно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +18°
$
443.72
+0.28
482.28
+1.77
¥
61.35
-0.01
4.9
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды

ШҚО әкімінің өкімімен Зайсан ауданының әкімі болып Аэлита Ахметсәлімқызы тағайындалды

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Бүгін Зайсан ауданына жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Даниал Ахметов актив отырысында ауданға жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.


Аэлита Ахметсәлімқызы 1967 жылы 14-ші шілдеде Зайсан қаласында дүниеге келген. Зайсан қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебін бітіріп, 1984 жылы Өскемен педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетіне оқуға түсті. 1998-2000 жылдар аралығында Халықаралық құқық және нарық академиясын бітіріп, "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. 2010-2012 жылдары Семейдегі Шәкәрім Құдайберді атындағы университетте окып, эколог мамандығын алады.

2002 жылдан бері жоғарыдағы көшбасшылық және ұйымдастырушылық, іскерлік қасиеттерді таныта отырып, Зайсан ауданында шаруа қожалықтарының дамуына үлес қосты.

Аэлита Ахметсәлімқызы ұзақ уақыт өз ауданында мәслихат депутаты болып, ал 2023 жылғы 19 наурыздағы сайлауда аймақ тұрғындары облыстық мәслихатқа сайлады. Оның саяси-әлеуметтік салада тәжірибесі зор, аудан мәселелерін жетік біледі және оны оңтайлы үйлестіре алады деген үміттемін. Аэлита Ахметсәлімқызы өзін сауатты басқарушы және ауданның барынша пәрменді әкімі ретінде көрсететініне сенемін, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Следующая →