Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан жұрты Наурызды қалай тойлап жатыр?

Бүгін аудан жұртшылығы Зайсан қаласындағы орталық алаңда Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан жұрты Наурызды қалай тойлап жатыр?
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Орталық алаңдағы мерекелік шара театрландырылған қойылымнан бастау алды, деп хабарлайды Устинка LIVЕ тілшісі Зайсан ауданы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Жыл басы саналатын ұлыстың ұлы күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті де киелі саналған. Зайсан ауданының халқы жаппай орталық алаңға жиналып, бір-бірін құттықтады.

- Баршаңызды тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, жыл басы Наурызбен бірге жан-жануар түлеп, мал төлдеп, жер беті көктеп, дүние жаңарады. Бүкіл тіршілік атаулыға жан бітіріп, қазақ даласына шуағын шаша келген бүгінгі арайлы шақты халқымыз ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған. Әз-Наурыздағы барлық тілектеріңіз қабыл болсын. Әр шаңыраққа Қыдыр қонып, бақ дарысын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! - деп ізгі тілегін білдіріп, аудан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады аудан әкімі Дулат Қажанов.

Мерекеге орай арнайы тігілген киіз үйлерде "Қыз ұзату", "Келін түсіру", "Бесікке салу", "Тұсаукесер" сынды қазақы салт-дәстүр түрлерінен көріністер көрсетілді. Сондай-ақ, қазақтың түрлі ұлттық нақыштағы киім-кешектері мен тұрмыс құралдары қойылды.

Ұлттық дәстүрден сыр шертетін арқан тарту, асық ату, гір тасын көтеру, ләңгі тебу танымдық ойындары ұйымдастырылып, қатысушылар өзара сынға түсті.

Наурыз тойына келген ақсақалдар мен қариялар наурыз көжеден дәм татып, ел мен жердің амандығын тілеп, ақ баталарын берді.

Следующая →