Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан тұрғыны өз үйін оңалту орталығын ашу үшін әкімдікке бермек

Зайсандық Мейірбану Андарбаева осындай ұсыныспен ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің қабылдауында болды

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан тұрғыны өз үйін оңалту орталығын ашу үшін әкімдікке бермек
Фото:
ШҚО әкімдігінен

Мұндай орталық балаларға қажетті медициналық және басқа да қызметтерді алуға зор мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Мейірбану Андарбаева өте қызықты әлеуметтік ұсыныспен жүгінді. Ол өзінің екі қабатты үйін балалар оңалту орталығын ашу үшін аудан әкімдігінің балансына беруге дайын екендігін жеткізді. Мұндай ұсыныстар, әрине, қолдауға тұрарлық, - деп атап өтті өңір басшысы.

Мәселен, Дайыр ауылдық округінде церебральды сал ауруы диагнозы қойылған 36 бала және әр түрлі диагнозды балалар бар екен. Олардың барлығына арнайы әлеуметтік қызметтер қажет.

Мен аудан әкімдігіне осы ғимаратты көріп, оның балаларды оңалту орталығына жарамды екендігін талдауды тапсырдым. Содан кейін барлық қажетті заңды құжаттарды рәсімдеп, жөндеуді бастауға болады. Білім басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары да бұл іске жұмылдырылады. Мұндай орталық балаларға қажетті медициналық және басқа да қызметтерді алуға зор мүмкіндік береді. Мейірбану Исабекқызының ұсынысы отансүйгіштік, туған ауылға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісін көрсетуде, - деді Даниал Ахметов.

Следующая →