Зайсан ауданында жоғалған шопан табылды
Таңғы 08.00-де жылқы іздеуге кеткен жігіт қас қарайғанда да қайтып оралмаған
Құтқарушылар 2001 жылғы жігітті түн ортасында тауып алды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өткен түнде ШҚО ТЖД, полиция және жергілікті атқарушы органдар, кұтқарушылардың күштерімен 2001 жылы туған жігітті іздеуге жұмылдырылды, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. - Ол 13 желтоқсанда Қарасай ауылынан 15 шақырым жерде, үйден сағат 08.00-де жылқы іздеуге шығып, қайтып оралмады. Ауа райының аязды, боранды болғанына қарамастан ШҚО ТЖД (7 қызметкер және 1 бірлік техника), ЖАО (4 адам және 1 бірлік техника) күшімен іздестірілді.14 желтоқсанда сағат 01.00-де бірлескен күшпен жігітті тапты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.
ШҚО ТЖД өңірде дауылды ескерту жарияланғанын екенін еске салады. Қарлы боран мен аязда елді мекендерден алыс шығуға болмайды.
Ауа райы жағдайлары туралы Дармен мобильді қосымшасынан алдын ала білуге болады. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу қажет.