Зайсандағы бірнеше көшеге газ берілді
Қазақ ауылының көшелері мен Жастар қалашығына газ берілді
![Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсандағы бірнеше көшеге газ берілді Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсандағы бірнеше көшеге газ берілді](/upload/iblock/bff/8qzxliimcibmd2fepo04tejeyfqfnx2f/imgonline_com_ua_Resize_ZcrL1gRth88Zeim.jpg)
Зайсан қаласын газдандырудың үшінші кезеңі бойынша жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Зайсан ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Аталған жұмыстарға «СМУ-Шығыс» ЖШС директоры Дарын Әбжанов 5 миллион теңгеге жуық демеушілік жасады, газ саласының мамандары Қуаныш Мұратбекұлы, Олжас Қабдешовтер де көмектерін көрсетті, - делінген әкімдік ақпаратында.
Сондай-ақ, Шевченко мөлтек ауданындағы Рысқұлбеков көшесі, шартты көшелер, Сауыр мөлтек ауданында Арғынбек көшесі, Астана көшесінің бас жағы, Ноғайбай көшесіне газ құбырлары тартылды, алдағы уақытта кезең-кезеңімен газ беріледі.