Зайсан ауданында 3 тонна жем-шөп өртеніп кетті
Қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан ШҚО-да биыл 800 аса тонна жем-шөп жанып кетті
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінен
Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басталғаннан бері орын алған өрттің нәтижесінде 800 аса тонна шөп өртеніп кеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Соңғы өрттің бірі Зайсан ауданында орын алды. Өрт сөндірушілер Қаратал ауылындағы жалынды ауыздықтады. Жалын 3 тонна жем-шөпті және тіркеменің жанатын детальдарын шарпыды. Өрт сөндірушелер 25 ш.м. алаңдағы өртті сөндірді.
ШҚО ТЖД келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін ескертеді:
- Кебендерді орналастыруға арналған алаңдарды периметрі бойынша ені кемінде 4 метр жолақпен жырту қажет.
- Жыртылған жолақтың шетінен бастап алаңда орналасқан кебенге дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, ал жеке тұрған кебенге дейін кемінде 5 метр болуы тиіс.
- Мая табанының ауданы 150 шаршы метрден, ал престелген шөп қатарының ауданы 500 шаршы метрден аспауы тиіс.
- Жеке қатарлар, бастырмалар мен кебендер (мамырлар) арасындағы өртке қарсы қашықтық кемінде 20 метр болуы тиіс.
- Ірі жемшөптер қатарлары байланыс желілерінің осіне дейін кемінде 15 метр, ғимараттарға, құрылыстар мен орман екпелеріне дейін кемінде 50 метр қашықтықта, бөлінген белдеулер мен темір жолдардың күзет аймақтарынан, автомобиль жолдарының жол бойындағы белдеулерінен және әуе электр беру желілерінің күзет аймақтарынан тыс жерлерде орналастырылады.
- Пішенді көлікпен тасымалдау кезінде оның биіктігі 4,5 метрден аспауы тиіс.