Зайсан тарихи-өлкетану музейінде "Жәдігер сыйла" акциясы жүріп жатыр
Зайсандағы өлкетану музейіне құнды қолжазбалар мен көне баспалар, қолөнер бұйымдарын
Мақсаты - тарихи-өлкетану музейінің қорын құнды дүниелермен толтыру, оның кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру, көрсету. Акция барысында былтыр 200-ден астам жәдігер тапсырылды.
Халық арасында сақталған құнды қолжазбалар мен көне баспалар және қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан зергерлік әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар қай заманда болмасын өз маңызын жоғалпайтыны мәлім, - деп хабарлады Зайсан тарихи-өлкетану музейі. - Қазіргі бізге келіп жеткен осындай сирек кездесетін тарихи жәдігерлер үлгілері де кейінгі ұрпақтар үшін аса бағалы мұра болып табылады. Бүгінгі технологияның қарыштап дамыған заманында көне заттардың күнделікті тұрмысқа қажетсіз болып қалатыны бар. Алайда сол заттардың халқымыздың өткен уақыттардағы өмірі мен тарихын зерттеуде, болашақ ұрпақтың өз тарихы мен болмысын тануда қаншалықты маңызы бар екенін ескере бермейміз. Музей үшін сол заттар халық жадын жандандыруға қызмет ететін, мамандардың зерттеулеріне арқау болатын, ондаған, жүздеген жылдардан кейін де болашақ ұрпақ таңдана тамашалайтын жәдігер болатын құнды дүние.