Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан қаласында Сәбира Мұхамеджанованың атына көше берілді

Сәбира Мұхамеджанованы еске алу үшін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі желтоқсаншылар шығысқа келді

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан қаласында Сәбира Мұхамеджанованың атына көше берілді
Фото:
Марат Рамазанов ұсынды

Күні кеше Зайсан ауданында желтоқсан оқиғасының құрбаны Сәбира Мұхамеджанованың атына көше берілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, 36 жыл бұрынғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан Сәбира Мұхамеджанова осыдан бір жыл бұрын ғана ақталып, саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде танылды.

Қыршыннан қиылған қызғалдақты қазақ елі естен шығармақ емес. Кеше Зайсан қаласындағы көшелердің біріне Сәбира Мұхамеджанованың есімі беріліп, марқұмның рухына құран-хатым оқылды. Ал Тарбағатай ауданындағы өз ауылында қаһарман қызды еске алуға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

imgonline-com-ua-Resize-soMOUxf1TqSFr8bm.jpg

Шымкент, Түркістан, Тараз, Меркіден, Алматы, астана, Керекуден, Өскеменнен келген желтоқсаншылар Сәбираның туған ауылы Ақмектепте бас қосып, зират басына барып зиярат етіп, Құран-хатым түсірдік. Меймандар Сәбираның үйін көрді, кейін ауыл мектебіне барып, Сәбираны ұлықтау жиынына қатысты. Сонымен қатар, Зайсанға, Қайрат Рысқұлбековтің басына бардық. Зайсанда Сәбира Мұхамеджанованың атына берілген көшенің ашылу салтанатына қатысып, артынша ас берілді. "Желтоқсан жаңғырығы – жүрегімнің жарасы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық JELTOQSAN-86 қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазанов.

Осы көшенің өзін алу үшін Марат Рамазанов аудан әкімдігіне 3 рет хат жолдапты. Ақыры Зайсан ауданы әкімдігі Желтоқсан құрбанының атына көше беруді ұйғарған.

Сәбира Мұхамеджанова атындағы көше тау етегінен бастау алып, Боқажанов көшесіне тіреледі. Бүгінде көшеде 38 үй бар. Бірақ бос орын әлі көп. Зайсан қаласының шеті болғандықтан, әлі талай шаңырақ көтерілер... Зайсан ауданы әкімінің орынбасары Ринат Тауасаров көшелердің барлығына асфальт төселетінін және бұл көше де міндетті түрде солардың қатарына кіреді деп отыр. Сәбираның тақтатасы да сол көшеден орын алады, - дейді Марат Рамазанов.

Ал Сәбираның өз туған жерінде әзірге оның атына берілген кабинеттен басқа ештеңе жоқ.

Зайсан қаласында Сәбира Мұхамеджанованың атына көше беріліп жатқаны бір жағынан - қуаныш, бір жағынан – біз үшін сын. Тарбағатай ауданы жаңадан құрылып жатқанын білесіздер... Бізде де бұл шара жалғасын табады деп сенемін, - деді Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Дархан Амангелдіұлы.

Дегенмен JELTOQSAN-86 қоғамдық бірлестігінің төрағасы бұл ауданда да Сәбираның атына көше беріліп, «Желтоқсан» саябағы ашылатынын айтады.

Көше өзінің туған жерінде берілмесе де, Зайсаннан беріліп жатыр. Зайсандықтарға мың да бір алғыс! Бұдан былай елімізде Желтоқсан оқиғасы, Қаңтар қырғыны болмасын! Қазақ елі аман болсын! - дейді Сәбираның туған ағасы Мұратхан Мұхамеджанов.

Сәбираның Ақмектептегі үйі де әбден мүжіліп, құлап қалудың аз-ақ алдында тұрған көрінеді. Бұл үйде қазір оның жалғыз ағасы тұрып жатыр.

Үйі бірнеше жыл бойы қаңырап тұр. Іргесі сөгіліп, құлағайы тұрған үйде ағасы тұрып жатыр. Мектеп ұжымы 300 мың теңгеге үй тауып, сөйлесіп қойған екен. Мұратханның өзі де сол үйді ұнатып отыр. Соған желтоқсаншылар болып көмектеспекпіз, арнайы шот ашылды. Сома қомақты емес, жинау қиындық тудырмас, - дейді Шығыс Қазақстан облыстық JELTOQSAN-86 қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Рамазанов.




Следующая →