ШҚО-да заңсыз жүрген Өзбекстанның 2 азаматы елден шығарылды
Тамыз айының соңында Зайсан және Алтай аудандарында ықтиярхатсыз жүрген Өзбекстан азаматтары анықталды
Тамыз айының соңында Зайсан аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында базарларды, уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерлерін, құрылыс нысандарын тексерді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зайсандағы аулалардың бірінде полицейлер уақытша тұруға ықтиярхатсыз белгісіз мерзімге тұрып келген Өзбекстанның екі азаматын анықтады.
Аталған бұзушылық үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-ның 517-бабы 4-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді КҚБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
Осындай жағдай Алтай ауданында да орын алды.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері аулаларды аралау кезінде 9 өзбекстандықтың Алтай ауданында тиісті рұқсатсыз тұрып жатқанын анықтады.
Аталған шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 517-бабы 3-тармағы 1-бөлігі "шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, оның санкциясында "ескерту" түріндегі әкімшілік жаза көзделген.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі ХҚКО-да еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алғаннан кейін ҚР-да уақытша тұруға рұқсатты да ресімдеу қажет екенін еске салады.