Зайсан көлінде аэрациялық жұмыстар жүргізілді
Балықтардың қыста мұз астында жаппай қырылуына суда оттегінің жетіспеуі себеп

Осындай жағдайдың алдын алу мақсатында Зайсан көлінің сол жағалауындағы Тұзды учаскесінде аэрациялық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аэрация қалай жүргізіледі? Мамандар мұз қабатын ойып, арнайы ойықтар жасайды және қамыс шоқтарын орнатады. Сол арқылы суға ауа өтіп, су айдындарындағы балықтарға қажетті оттегі жетеді.
Мұндай шаралар дәстүрлі түрде қыстың соңында - ақпан-наурыз айларында ұйымдастырылады. Дәл осы кезеңде балықтың қырылу қаупі күшейеді.
Еліміздің су ресурстарының 40 пайызы шоғырланған Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында жыл сайын мыңдаған ойық бұрғыланады. Жұмыстар барысында мұз ойғыш құралдар мен арнайы техника кәдеге жаратылады. Бұл - әдеттегі жұмыс көрінгенімен, балық қорын сақтауға және су экожүйесінің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған аса маңызды шара, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Суды оттегімен байыту ісіне жыл сайын атсалысып жүрген барша жанға алғыс білдіреміз! Олардың қатарында отандық балық инспекциясының мамандары, балық шаруашылығы субъектілері және еріктілер бар.
Тұзды көлде 1 метр мұз бар, бетінде 50 см су бар. Ғылыми негіздеме бойынша осы аумақта аэрация жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Балық қоры мол болуы үшін осындай жұмыстар жылда атқарылады. Бүгінгі таңда Зайсан көлінде көксерке, сазан, ақтабан балығы көп. Ал көктем мезгілінде шортан, алабұға балығы көбейеді, - деді "Зайсан балықшылары" кооперативінің жетекшісі Өтепбай Рүстемов.