Өскемен
малооблачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +32°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +29°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +31°
$
536.58
-0.95
622.75
+2.23
¥
74.68
-0.12
6.71
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан қаласында алғашқы мурал пайда болды

Қазір қаладағы тұрғын үйлердің бірінің қасбетіне қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бейнесі салынып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан қаласында алғашқы мурал пайда болды
Фото:
Зайсан қалалық әкімдігінен

Алдағы уақытта тағы екі мурал салынады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Қала эстетикасын арттыру және ұлы тұлғаларымызды насихаттау мақсатында Зайсан қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына көрнекті бейнелер салына бастаған.

Ұлы ақынның 180 жылдық мерейтойына орай Зайсан қаласының орталық көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің қасбетіне Абай Құнанбаевтың портреті салынып жатыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта тағы екі мурал: ұлы тұлғалардың бірінің бейнесі және табиғат суреті салынады деген жоспар бар. Үш муралдың құны 10-12 млн теңгенің аралығында, - дейді Зайсан қаласының әкімі Ринат Тауасаров. 

Бұл жай сурет емес, қала көркін келтіретін, жастарға рухани тәрбие беретін, тарихымызды ұлықтайтын ерекше бастама. Сұр, біркелкі қабырғалар өнер арқылы жанданып, қаланың ажарын аша түсуде. Бұл игі істің басты мақсаты - қала кеңістігін көркейтіп, тұрғындарға мәдени-рухани орта қалыптастыру.

Следующая →