Кешегі қатты дауыл Зайсан ауданындағы бірнеше үйдің шатырын ұшырып әкетті

Қатты дауыл салдарынан Зайсан ауданындағы үйлер мен ғимараттар зақымданды

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Кешегі қатты дауыл Зайсан ауданындағы бірнеше үйдің шатырын ұшырып әкетті
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Аудан әкімдігі дауылдан келген шығын көлемін есептеуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

18 мамыр күні Зайсан ауданы аумағында қатты дауыл соғып, салдарынан тұрғын үйлер мен бірқатар ғимараттарға зақым келді. Сондай-ақ ағаштардың құлауы, шатыр жабындарының ұшуы секілді жағдайлар тіркелді,- деп мәлімдеді Зайсан ауданы әкімдігі. - Апат салдарын жою мақсатында аудан әкімдігінің жауапты қызметтері мен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жедел түрде оқиға орындарына шығып, қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті.

Қазіргі уақытта нақты шығын көлемі есептеліп, зақымданған нысандарды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, электр сымдары мен құлаған ағаштарға жоламау ескертіледі.

Тұрғындардың "дауылдан зардап шеккен жеке меншік иелеріне қаржылай көмек көрсетіле ме?" деген сауалына әкімдік жауап берді.

2025 жылғы 18 мамырда орын алған қатты дауыл — табиғи сипаттағы қолайсыз ауа райы құбылысы болып табылады. Аталған жағдайға байланысты ресми төтенше жағдай режимі жарияланбаған, сондықтан мемлекеттік деңгейде материалдық көмек көрсету заңда көзделмеген. "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының 48-бабына сәйкес, тек төтенше жағдай жарияланған жағдайда ғана зардапты өтеу тетіктері қарастырылады. Мұндай жағдайда табиғи апаттан келген залалдың орнын толтырудың ең тиімді әрі қолжетімді заңды жолы - мүлікті сақтандыру болып табылады. Бұл - меншік нысандарын қорғаудың алдын ала қарастырылған құқықтық тәртібі, - деп мәлімдеді әкімдіктегілер.

slide 2 of 6
Следующая →