Өскемен
ясно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +27°
$
518.53
+2.37
588.17
+3.31
¥
71.32
+0.33
6.39
+0.14
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан ауданындағы шекара қызметінде әскери борышын өтеуге 200 сарбаз келді

Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасында жас сарбаздардан әскери ант қабылдау рәсімі өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан ауданындағы шекара қызметінде әскери борышын өтеуге 200 сарбаз келді
Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды

Бұл – әрбір сарбаз үшін ерекше мәнге ие, Отан алдындағы адалдық пен жауапкершіліктің нышаны болып саналатын маңызды сәт.

200-ден астам жас сарбаз ел шекарасын күзетуге, бейбіт өмірді қорғауға және мемлекеттің тұтастығын сақтауға салтанатты түрде ант беріп, азаматтық өмірдің жаңа белесіне қадам басты.

Бұл - ер жігіттің елге берген серті. Сендер – Тәуелсіздіктің тірегі, халқымыздың сенімісіңдер! Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен атқарып, аман-есен оралыңдар! – деп ақ тілегін жеткізді аудан әкімінің орынбасары Ришат Сағибекұлы.

Полковник  Есім Ибраев жас сарбаздарға әскери тәртіп пен рух биіктігін, борышқа адалдықты басты ұстаным етуге шақырды. Ардагерлер кеңесінің төрағасы мен аудан имамы сарбаздарға ақ баталарын беріп, амандық пен ел тыныштығын тіледі.

Ата-аналар үшін бұл күн – қуаныш пен мақтанышқа толы, жүрек тебірентерлік сәт.

Біз Отан алдындағы борышты адал өтеуге ант етеміз! Халқымыздың сенімін ақтаймыз! – деп жас сарбаздар әскери қызметке дайын екендіктерін білдірді.

Следующая →