Өскемен
малооблачно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +23°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +24°
$
512.16
+1.12
580.94
-0.78
¥
71.18
+0.07
6.39
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсанның мерген қыздары арасында жарыс өтті

Зайсан ауданында жасөспірім қыздар арасында "Мерген ару – 2025" ашық аудандық біріншілігі өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсанның мерген қыздары арасында жарыс өтті
Фото:
Зайсан ауданы әкімдігінен

Жарыс Жеңістің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Зайсан қаласының оқ ату орталығының төрешілері ұйымдастырған 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы оқ атудан жарыс Зайсан ауданының спорттық модулінде өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудан әкімі мен мәслихат төрағасының атынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Белсенді қатысушылар алғыс хаттар мен арнайы номинациялармен марапатталды.

Осы орайда айта кеткен жөн, Зайсан ауданынан соғысқа 7760 адам шақырылып, оның 6702-сі ұрысқа қатысқан. Соғыстан 3229 адам оралса, 1817-сі майданда қаза тауып, 2923 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Зайсан ауданынан шыққан батырлар - Кеңес Одағының батыры Головченко Василий Евстафьевич, 3-дәрежелі "Даңқ" орденінің иегері Қыдырпатша Бокажанов, соғыс батырларына теңестірілген Ғадылбек Сарсекеев пен Виктор Гутовский. Сонымен қатар, 58 адам "Қызыл Жұлдыз" орденімен, 3 адам "Қызыл Ту" орденімен, 590 адам I және II дәрежелі "Жеңіс медальдарымен", 12 адам II-III дәрежелі "Құрмет орденімен" марапатталған. Бір азамат - "Құрмет орденінің" толық иегері, - деп мәлімдеді Зайсан ауданының әкімдігі.

Қазіргі таңда ауданда бір соғыс ардагері - 102 жастағы Құрманқожанов Закен ата тұрады. Жақында ол кісі туралы деректі фильм түсіріліп, оның тұсаукесері 9 мамыр қарсаңында өтеді. Сонымен қатар, ауданда 97 тыл еңбеккері тұрады.

Соғыс ардагері мен тыл еңбеккерлеріне бір реттік қаржылай көмек көрсетіліп, демеушілердің қолдауымен азық-түлік себеттері мен естелік сыйлықтар табысталады.

Следующая →