Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +20°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +23°
$
515.03
584.82
¥
70.67
6.24
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Зайсан ауданында жаңа әуежайдың құрылыс жұмыстары басталды

Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу тапсырмасы аясында жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Зайсан ауданында жаңа әуежайдың құрылыс жұмыстары басталды
Фото:
t.me/kolikpress

Көлік министрі Марат Қарабаев Зайсан ауданындағы жаңа әуежай алаңында негізгі құрылыс жұмыстарының басталу барысымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, жобаға сәйкес әуежай Зайсан қаласынан шамамен 25 шақырым жерде орналасқан Сәтбай ауылының маңындағы бұрынғы әскери әуеайлақ базасында салынады. 184,5 гектар жерді алып жатқан учаске географиялық және метеолорогиялық жағдайды, сондай-ақ логистикалық қолжетімділікті ескере отырып таңдалған.

Ұзындығы 2200 метр болатын ұшу-қону жолағы салынады. Ұшу-қону жолағын алдағы уақытта кеңейту мүмкіндігі бар. Әуежай аймағында Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да ұқсас типтегі заманауи әуе кемелерін қабылдау жоспарланып отыр. Қазір отандық әуе компания ATR-72 ұшақтарын сатып алу мәселесін пысықтауда. Сонымен қатар, жоба аясында 4 әуе кемесіне арналған перрон, сағатына 150 жолаушыға дейін өткізу қабілеті бар 4000 шаршы метрлік заманауи аэровокзал, командалық-диспетчерлік пункт, авариялық-құтқару қызметі, метеостанция және радионавигациялық жабдықтар қарастырылған.

Әуежай құрылысы аяқталып, нысан қолданысқа берілген соң Қытайдағы Үрімші, Алтай және Қанасқа халықаралық бағыттар ашу жоспарланған. Астана, Алматы және Өскеменге қатынайтын ішкі бағыттар тұрақты әуе байланысын қамтамасыз етпек. Бұл бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, ел тұрғындарының жүріп-тұруын жақсарта түспек, - деді көлік ведомствосының басшысы Марат Қарабаев.

Қазір Зайсанға жыл сайын шамамен 23 мың турист келеді. Әуежай іске қосылып, инфрақұрылым дами түскенде бұл көрсеткіш 136 мың туристке дейін өседі деп күтілуде.

Марат Қарабаев әуежай құрылысы Қазақстанның логистикалық әлеуетін дамытуға қосымша мүмкіндік ашатынын атап өтті. Сәтбай ауылы маңында жаңа әуежай салу және "Қалбатау- Майқапшағай" күре жолының реконструкциясын аяқтау жұмыстары Зайсан қаласында арнайы ірі логистикалық хаб ашуға мүмкіндік береді. 

Қазір бұл мәселені  Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасындағы әріптестермен пысықтап жатырмыз, - деп атап өтті Марат Қарабаев.

Бұл ретте Тұғыл ауылында өзен порты салынады. Бастапқы кезеңде жүктер Тұғыл портына автокөлікпен тасымалданады. Одан әрі Ресей Федерациясына қарай өзен арқылы кеме қатынасы орнатылады. Жүктердің бастапқы көлемі 2 млн тонна болса, уақыт өте келе бұл көрсеткіш 10 млн тоннаға дейін өседі деп күтілуде.

Қытайдағы әріптестермен қазір "Тұғыл" портын теміржолмен байланыстыратын және Ресейдегі Обь-ға, одан әрі Солтүстік теңізге шығатын "Қытай-Қазақстан-Ресей" мультимодальды логистикалық маршрутын құруға бағытталған төртінші теміржол өткелі пунктін салу пысықталуда.

Сондай-ақ биыл мамандар Шығыс Қазақстан өңіріндегі барлық бес теміржол вокзалын (Өскемен-1, Алтай, Күмістау, Риддер, Шемонаиха) жөндейді.

Следующая →