Зайсан ауданының тұрғыны әлем чемпионатынан жүлделі оралды
Тәжікстан Республикасында самбодан ерлер арасында әлем чемпионаты өтті
Байрақты бәсекеде Зайсан ауданынынңтумасы Мұрат Қайролда күміс жүлде қанжығалады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Зайсан ауданы спорт мектебінің ұжымы Душанбе қаласындағы жарыста ел намысын қорғап, ІІ орын иеленген Мұрат Қайролданы қарсы алып, құрмет-қошемет көрсетті.
Жерлестерін жетістіктерімен қуантып, аудан мерейін асырып жүрген ардагер спортшы Мұрат Қайролда - самбо, дзюдо, қазақ күресінен спорт шебері, "Самбо саңлағы" төсбелгісінің иегері, көптеген жарыстардың жеңімпазы, халық ойындарының чемпионы.
Спортшыға аудан әкімінің атынан алғыс хаты табысталып, қазақы дәстүрмен иығына шапан жабылды.