Өскемен
ясно
-7°
  • Өскемен
    -7°
  • Алматы
    +8°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    +2°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +2°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    +2°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +6°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +5°
$
495.2
-2.06
522.34
-2.87
¥
68.34
-0.35
4.94
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шіліктіде мұнара орнатылды, бірақ интернет әлі жоқ

Жергілікті әкімдік Шіліктіге ғаламтор келер жылы тартылатынын мәлімдеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Зайсан (Зайсанский р-он) / Шіліктіде мұнара орнатылды, бірақ интернет әлі жоқ
Фото:
pexels.com

Одан өзге, Зайсан ауданындағы Тасбастау, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары да ғаламторға қол жеткізбек, деп абарлайды Устинка LIVE тілшісі Kazinform ақпаратына сүйеніп.

Ауылға биыл интернет тарту жұмыстары қарқынды басталды. Соны көргенде бәріміз қуанып, бір-бірімізге сүйіншілеп жүр едік. Бірақ бұл жұмыстардың аяғы сиырқұйымшақтанып кеткендей. Шамамен ауылдан 15 шақырымдай жерге ток бағаналарын тартып, тау басына мұнараға дейін орнатылды. Тарбағатай ауданы жақтан да бір мұнара орнатып қойды. Оған ток тарту жұмыстары мүлде басталған жоқ. Билік өкілдері интернет осы жылдың қыркүйек айында тартылып қояды деп еді. Алайда олай болмады, - дейді аты-жөнін атамауды сұраған ауыл тұрғыны.

Бұл тек бір ауылды емес, ауылдық округ жұртшылығын мазалап отырған мәселе. Шілікті ауылдық округінде барлығы 360 үй бар. Онда 1500-ге жуық адам тұрып жатыр.

Әкімдікке хабарласып, қашан интернет қосылатынын талай мәрте сұрадық. Десе де нақтысын айтпай отыр. Сол жағын біліп берсеңіздер, - деді шіліктіліктер.

Соны білу үшін Зайсан ауданы әкімдігіне сауалхат жіберіп көрдік. Ресми жауапты аудан әкімінің орынбасары Данияр Серіков берді.

Шілікті ауылы тұрғындары аудан әкімдігіне интернет қосып беру бойынша алғаш рет 2023 жылы өтініш білдірді. Биыл ауылға интернет тарту үшін бағаналар орнатылып, мұнара қойылғаны рас. Бірақ интернетті іске қосу 2025 жылға жоспарланған, - деді ол.

Биыл интернетке қажетті мұнараларды орнату жұмыстары Шіліктіден бөлек, Тасбастау, Жаңатұрмыс ауылдарында да жүргізілген екен.

Қазіргі уақытта аудан бойынша интернет Қабырғатал, Шүршітсу, Қарасай, Какенталды, Ақарал, Қосқара, Дауал, Сәтпай, Мұқаши, Аққойын ауылдарында тартылмаған. Аудан ауылдарына интернет тарту үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Данияр Серіков.

ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасының мәліметіне сүйенсек, бүгінде аймақ бойынша 155 ауыл тұрғындары интернетсіз отыр. Бұл 250 адамнан аз адам тұратын шағын елді мекендер. Ұялы байланыс операторларына оларға тиісті жабдықтарды орнату тиімсіз. Сондықтан "Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы қолға алынған.

Соның аясында 2027 жылдың соңына дейін барлық ауылды кезең-кезеңімен интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Осы жылдың басынан облыс бойынша 29 елді мекенге интернет тартылды. Сондай-ақ 148 мектепте Starlink спутниктік интернеті орнатылды. 18 антенналық-мачталық құрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр, - делінген ақпаратта.


Следующая →