Өскеменде балалар арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтеді
О. Бөкей атындағы кітапханада Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына орай бірқатар шара жоспарланған
Кітапханада деректі фильм көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылады және тоғызқұмалақтан жарыс өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
9 тамызда сағат 11.00-де тоғызқұмалақ ойыны бойынша балалар жарысы өтеді, - деп хабарлады Оралхан Бөкей атындағы кітапхана ұжымы. - Әл-Фараби, Абай сынды ойшыл бабаларымыз ойнаған ұлттық ойынға барлық жастағы ұл-қыздар қатыса алады. Әлбетте, жеңімпаздарды сый-тартумен қуантамыз!
Абай Құнанбайұлының 179 жылдығына арналған шара барысында үлкен экранды кинозалда көркем және деректі фильмдер көрсетіледі. Келушілер ақын мұрасына арналған кітап көрмесімен танысып, танымдық геймификация ойыны арқылы білімдерін байыта алады. Сонымен қатар, ақыл-ойды дамытуға тоғызқұмалақ ойыны қалай көмектесетіні туралы қызықты деректер ұсынылмақ.
Кітапхананың мекенжайы: Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі, 22.