Үлбі көпірінің астындағы жол қайта жабылды
Өскемендегі Үлбі көпірінің астындағы жол бүгіннен бастап ашылған еді
Алайда жауын-шашынға байланысты жол қайта жабылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, су деңгейінің көтерілуіне байланысты 8 сәуірден бастап айналма жолда көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілген болатын. Бүгін өзендегі су деңгейі түсіп, жол ашылған. Алайда түнімен жауын жауып және алдағы күндері де жаңбырлы болатындықтан жол қайт жабылды.
- Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Үлбі көпірінің астындағы Протозанов және Астана көшелерінің екі жағындағы жол айрықтары жабылды, - деп хабарлады Өскемен қаласының әкімдігі. - Үлбі өзеніндегі су деңгейі төмендегеннен кейін жол ашық болады.