Өскеменнен Алакөлге дейін пойыз шығады
Жазғы маусымда Өскемен1-Жалаңашкөл-Достық бағытында жолаушылар пойызы қатынайды
Пойыз күн аралатын жүреді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасында Алакөл көлі бағытында жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдауды қамтамасыз ету бойынша дөңгелек үстел өтті.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері 2024 жылғы жазғы маусымға арналған жұмыс жоспарларымен бөлісті.
Биыл жазда Өскемен1-Жалаңашкөл-Достық бағытындағы пойызы күн аралатып қатынайтын болады. 332 жолаушыға арналған 7 вагон (2 купелік, 5 працкарттық) шығады, - деп мәлімдеді тасымалдаушы.
Сонымен қатар, жолаушылар вагондары жаңартылып, кондиционерлеу жүйесі бар вагондарды пайдалану да жоспарда бар.