Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Приречный ауылы мен Семей қаласының арасы 25 шақырым, ауыл тұрғындары қалаға қатынап жұмыс істейді
2020 жылдан бері Приречный ауыл тұрғындарының басты мәселесі - Приречный-Семей бағытында автобус жоқтығы болатын, - делінген Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі тарартқан ақпаратта. - Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың ақпан айындағы Приречный ауылының тұрғындары осы мәселені көтерген болатын. Ауыл мен Семейдің арасы 25 км ғана болғандықтан, ауыл тұрғындары қалаға қатынап жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың 12 маусымынан бастап қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен Приречный-Семей бағыты бойынша маршрут бекітілген. Бүгінгі таңда автобус кесте бойынша күніне бес рет қатынайды. Жол ақысы ауыл тұрғындары үшін қолжетімді.
Сонымен қатар, Приречный ауылына 2 аялдама бекеті орнатылған.