Өскемендіктердің үйлері суып кетті
27 қарашада қатты аяздың салдарынан Өскемен жылу орталығындағы қазандық қондырғыларының бірі істен шықты
Облыс орталығы жылуэнергетиктерінің айтуынша, қалада сыртқы ауа температурасының төмендеуімен желілік судың айналымы 1000 тоннаға артып, желілік судың температурасының төмендеуіне әсер еткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
27 қараша күні сағат 8.27-де «Өскемен ЖЭО» ЖШС-де датчиктердің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты No15 қазандық блогы сөндірілді.Сағат 10.05-те қазандық қайта іске қосылды. Барлық жабдықтардың жұмысын қадағалау күшейтілді.
Қазандық қосылған сәттен бастап температура режимі 83°С-тан 88°С-қа дейін көтерілді, - деп хабарлады станциядағылар. - Кәсіпорында жағдайды жақсарту мақсатында бірқатар техникалық шаралар атқарылуда. Ауа температурасының күрт төмендеп, одан әрі суытуына байланысты тұрғындардан шыдамдылық танытуды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.