ШҚО құтқарушылары боранда адасып кеткен шопандарды тапты
26 қарашада ШҚО ТЖД құтқарушыларына Зайсан ауданының шаруа қожалығының басшысы жүгініп, бір қора жоғалған малдың артынан кеткен екі малшының хабарсыз кеткенін айтқан
Қаратал ауылының маңында мал табыны жоғалып кеткен екен, оны ауа райының қолайсыздығына қарамай 2 шопан іздеуге аттанған, еп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ТЖД қызметкерлері жол талғамайтын "КУНГ" автокөлігімен көмекке аттанған. Далада қатты аязбен қатар көз түрткісіз боран.
1963 жылы туған ер адам "Жадыра" шаруа қожалығынан 5 шақырым жерде табылса, екіншісі өзі оралды. Шопандардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес. Оларды құтқарушылар фермаға аман-есен жеткізді, - делінген ШҚО ТЖД таратқан ақпаратта.
Құтқарушылар шопандарды іздеп жүргенде 25-ӨСБ құтқару қызметіне тағы бір хабар келіп түскен. Ақсиыр учаскесіне 5 км жерде ішінде үш ер адамы бар "Мазда" маркалы көлігі қар құрсауында қалып қойған.
Құтқарушылар оларды тауып, елді мекенге жеткізді, - делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД бір күн бұрын дауылдың алдын алу, қатты боран мен катты аяз болатыны туралы ақпарат таратқан болатын.
Жолдардың жай-күйі туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан білуге болады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.