Өскеменде 122 сайлау учаскесі ашық
Бүгін ел бойынша таңғы жетіден Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы басталды
18 жастан асқан кез келген Қазақстан Республикасының азаматы үміткерлердің біріне дауыс бере алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл ретте дауыс беру құқығын басқа біреуге беруге болмайды. Сайлау учаскесіне өзіңіз келіп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіп, бюллетень алып, оған қол қойып, жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтыруыңыз қажет.
Егер сіз сайлау күні денсаулығыңызға байланысты немесе науқас отбасы мүшесін күтуіңізге байланысты дауыс беруге келе алмасаңыз, қаланың сайлау учаскелері құрылмаған шалғай аудандарында болсаңыз, онда жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-ден кешіктірмей тұрғылықты жеріңіз бойынша дауыс беруді ұйымдастыру туралы учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша түрде өтініш беруге болады, - деп хабарлады Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі.
Дауыс беру бүгін сағат 20.00-де аяқталады.