Өскемендіктер жер асты дүмпулерін сезді
Бүгін кешке Моңғолия мен РФ шекарасында болған жер сілкінісі өскемендіктерге де сезілді
Фото:
Пресс-служба ДЧС ВКО
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі 29 шілде күні Алматы уақытымен 19 сағат 01 минут 04 секундта тіркелді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1376 шақырым жерде, Ресей мен Моңғолияның шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 13,9. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 05 шақырым.
Жерасты дүмпуі Өскеменде МSК-64 шкаласы бойынша 2 балл деңгейінде сезілді.
Тақырыптар:
Землетрясение в ВКО Сейсмологи зафиксировали землетрясение на востоке Казахстана Сейсмологи в Казахстане