Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жыл соңына дейін 4 медициналық орталыққа 6 бірлік бірегей жабдық жеткізіледі

Осының арқасында өңір халқына көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің (ЖТМҚ) тізімі 27-ден 41-ге дейін кеңейтілетін болады

"Онлайн-медицинаны дамыту, міндетті медициналық сақтандыру және ЖТМҚ есебінен жоғары технологияларды енгізу" көрсеткіші бойынша Шығыс Қазақстан республика бойынша көш бастап тұр, - деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

1 маусымға жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін өңірдің медициналық мекемелеріне 552 пациент жіберілді. Негізінен нейрохирургия, онкология, ортопедия бойынша бірегей, күрделі операциялар, манипуляциялар жасалды. Сонымен қатар, 173 әйел экстрокорпоральды ұрықтандыру процедурасынан өтті. ЖТМҚ бойынша қызмет алған пациенттердің жалпы санынан өңірлік деңгейдегі стационарларда – 234 адам, республикалық клиникаларда – 318 адам емделді. 

Қазір өңірде ЖТМҚ - ның 27 түрі бар, - деді AMANAT партиясының ШҚ филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысында ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Капанова. – Қазірдің өзінде жүргізілген жоғары технологиялық манипуляцияларға 680 миллион теңгеден астам қаражат бағытталды. Бұл ЖТМҚ бойынша жылдық жоспардың тек 19%-ы ғана. 

 Қазір ШҚ облыстық ауруханасына, МДМ, онкология және хирургия орталығына, сондай-ақ МАЭС қазіргі заманғы медициналық жабдықтың алты бірлігін жеткізуде, бұл тізімді облыс тұрғындары одан тыс жерлерге шықпай-ақ ала алатын ЖТМҚ-ның тағы 14 түріне кеңейтуге мүмкіндік береді.

Следующая →