Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Депутаттар Өскемен жолдарын жөндеп жатқан мердігерлер жұмысынан олқылықтар анықтады

Айта кеткен жөн, халық қалаулылары жолдары жөнделіп жатқан бұл көшелерге екінші мәрте келіп тексеріп тұр. Ескертулер таусылар емес

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Депутаты выявили недоработки подрядчиков при ремонте дорог в Усть-Каменогорске
Фото:
Пресс-служба маслихата Усть-Каменогорска

Крылов, Стаханов, Красина, Қабанбай батыр көшелеріндегі жөндеу жұмыстарын мониторингілеу бойынша жұмыс комиссиясы кезекті тексеріс жүргізді.

Мердігерлер бұл көшелердегі орташа жөндеу жұмыстарын кестеге сәйкес жүргізіп жатыр.

Екінші рет келгенде комиссияның ескертулері ескеріліп, олқылықтардың орны толтырылғанын көрдік, - деп атап өтті Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы Александр Светаш. - Крылов көшесіндегі бордюрлар қайта қойылып, жол жиегі мен тротуарларға асфальт төсеу жұмыстары аяқталған. Красин көшесіндегі бордюрлар да ретке келтіріліп, фрезерлеу жұмыстары аяқталған.

Тексеріс соңында депутаттар Крылов-Лихарев көшелерінің қиылысына тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы үшін пандус орнату, Стаханов көшесіне құдық орнату жұмыстарын аяқтау, Красин көшесіндегі асфальттің үстіңгі қабатын тегістеу және тротуар бойына жиектас орнату, Қабанбай батыр көшесіне бордюр төсеу жұмыстарын аяқтау және қозғалысы шектеулі жандардың сұрауы бойынша жаяу жүргіншілер өткеліндегі еңістерді тегістеу туралы ұсыныс білдірді. Осы орайда комиссия көше қиылыстарындағы оң бұрылыстар құрылысы кезінде жол белгілері де ауыстырылып жатқанын тілге тиек етті. Жаңадан қойылған жол белгілерінің жанында зақымдалған ескі белгілер де тұр. Осыған орай депутаттар ТҮКШ бөліміне жол белгілерін жалпы кешенді ауыстыру нұсқасын қарастыруды ұсынды.



Следующая →