Өскемен облыстық ауруханасының аумағында өрт шықты
Өрттің алдын ала себебі - электр жабдығын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау және отты абайсыз пайдалану
Бүгін таңғы сағат 4-те өрт сөндіру қызметіне облыстық ауруханадағы өрт туралы дабыл түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
200 шаршы метр алаңда жеке тұрған, бір қабатты қойма өртенді, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге ТЖД қызметкерлері жеке құрамнан 55 адам мен 13 техника жұмылдырылды. Өрт таңғы алтыда толығымен жойылды.
Өрт шыққан жағдайда дереу 101 нөміріне қоңырау шалу керек.