Өскемен
облачно
-3°
  • Өскемен
    -3°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +7°
$
518.66
597.44
¥
72.94
6.56
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да заңсыз аң-құс, балық аулап, ағаш кескен 200-ден астам адам анықталды

ШҚО-да 20 қазан мен 19 қараша аралығында "Браконьер" жедел профилактикалық шарасы өтті

Полиция қызметкерлері табиғат қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш кесу сияқты заңбұзушылықтың алдын алу үшін рейд жүргізді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Нәтижесінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 228 дерегі анықталды:

  • аңшылық ережелерін бұзу - 131 дерек;
  • балық аулау ережелерін бұзу - 69 дерек;
  • балық өнімдерін заңсыз тасымалдау - 1 дерек;
  • жасыл желектерді заңсыз кесу немесе зақымдау - 4 дерек;
  • өзге де құқықбұзушылықтар - 23 дерек.

Зайсан көлінде екі браконьер ұсталды. Олардан 327 кг көксерке және 17 кг табан балығы тәркіленді. Келтірілген шығын мөлшері 1,6 млн теңгеден асты. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Өңір тұрғындарынан табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға және браконьерлік деректерін 102 нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарлауды сұраймыз.

Следующая →