Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +11°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +17°
$
479.23
534.96
¥
68.35
5.16
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде үйлерге жылу беріле бастады

Облыс орталығында 26 қыркүйектен бастап жылу беріле бастайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Усть-Каменогорск / Өскеменде үйлерге жылу беріле бастады
Фото:
Устинка LIVE

Тұтыну нысандарының техникалық дайындығын есепке ала отырып, жылу 3 күн бойы кезең-кезеңмен беріледі, деп хабарлайды  Устинка LIVE тілшісі "Шығыс Жылу" АҚ-ның ақпаратына сүйеніп.

Кәсіпорынның күзгі-қысқы кезеңнің жұмысына дайындық паспорты 13 қыркүйекте алынды, - деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметі. - Қатты отын қоры 2024 жылдың 25 қыркүйегі жағдай бойынша 17 580 тоннаны құрайды, бұл көрсеткіш нормативтік қордың 31 тәулігіне сәйкес келеді. Жылу жүйесін қосу, өткен жылдардағыдай жылу тұтыну нысандарының техникалық дайындығын есепке алып, 26 қыркүйектен бастап 3 күн барысында кезең-кезеңмен жүргізіледі.

Техникалық дайындығын растайтын төлқұжаты жоқ нысандар дайындық жұмыстарының барлық түрлерін тапсырғаннан кейін ғана жылуға қосылады.

Жылу қосу туралы ақпаратты кәсіпорынның ukteplo.kz сайтында ТҰТЫНУШЫЛАР деген бөлімге кірген соң ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ дегенді таңдап, өз көшеңіздің атауын енгізу қажет. Егер үй 100% дайын болса, онда "26.09.2024-28.09.2024 мерзімі аралығында жылуға қосылады" деген жазу көрсетіледі. Егер үй дайын болмаса, онда "Техникалық дайындық құжаты алынған кезде жылуға қосылады" деген жазу көрсетіледі, - деп ескертті "Шығыс Жылу" АҚ-ның баспасөз қызметі.

Үйдің дайындығын қайдан көруге болады:

  • ukteplo.kz сайтындағы жеке кабинет

  • "Шығыс Жылу" мобильді қосымшасы

  • +7 747 427 40 22 нөмірі бойынша WhatsApp чат-боты

  • @UKTSbot Telegram чат-боты

24.09.2024 жылы мерзіміне төмендегі жылу энергиясын есепке алу аспабы және дайындық актісі бар нысандар жылу жүйесіне қосылды:

• Тұрғын үйлер (көп пәтерлі): 116 • Тұрғын үйлер (жеке сектор): 301 • Мектептер, балабақшалар және т.б. балаларға арналған мекемелер: 53 • Медициналық мекемелер: 29 • Әкімшілік және оларға теңестірілген мекемелер: 49 • Әлеуметтік нысандар: 12

Алдағы жылу беру маусымына техникалық дайындықтың болмауының негізгі себептері:

• Дайындық жұмыстарының тиісті уақытында орындалмауы • Қызмет көрсетуші жұмысшылардың жеткілікті біліктілігінің болмауы • Жөндеу жұмыстарының тиісті сапасының болмауы • Жыл сайын орындалатын жөндеу жұмыстары көлемінің жеткіліксіздігі
Следующая →