Өскемен жылу электр орталығында трансформатор зақымдалды
Кәсіпорын басшылығы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты ресми жауап берді
Анықталғандай, бүгін, 9 қыркүйекте сағат 17.31-де «Өскемен ЖЭО» ЖШС аумағында #1 ОРУ-1 байланыс трансформаторының 110 кВ ажыратқышындағы "В" фазасының шығару оқшаулағышы зақымдалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Зақымдану сәтінде жарылыс болып, қысқа тұйықталу салдарынан түтін шыққан.
Қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында жабдықтардың жұмысы тез қалпына келтірілді. Өрт шыққан жоқ, зардап шеккендер жоқ. Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша қазандық агрегаттарының жұмысы қалпына келтірілді, - делінген Өскемен ЖЭО баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Кәіпорын басшылығы халыққа тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.