Үржар ауданынан Мақаншы жеке аудан болып бөлінбек
Абай облысының әкімдігі бұрын жеке аудан болып, кейін біріктірілген екі ауданды қайта құрмақшы
Ол Жаңа Семей және Мақаншы аудандары. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев журналистермен кездесуде айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE Ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Жаңа Семей ауданына қала маңындағы ауылдарды біріктіру жоспарланған. Ал 70 мың халқы бар Үржар ауданын екіге бөліп, бұрынғы Мақаншы қайтадан қалпына келтірілуі үшін дайындық жүргізіліп жатыр. Өңір тұрғындары аудандарды жаңғырту бойынша мәселені үнемі көтеріп келген. Халықтың сұрауын іске асыру үшін қазір республикалық комиссия жұмысы жүргізіп жатыр.
Қазіргі таңда республикалық жұмыс тобы жұмыс жасап жатыр. Қазіргі Үржар ауданын екіге бөлу ісі тұр. Жұмыс маусымға таман бітеді. Үржар ауданы мен бұрынғы Мақаншы ауданы қайтадан құрылатын болады деп ойлаймын, - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.