Үржар ауданында боранды күні серуенге шығып жоғалған отбасы табылды
Бестерек ауылдық округіне қарасты таулы аймақта бір отбасы (3 адам) тауға серуенге шығып, қалың қар мен боранның салдарынан хабарсыз кеткен
Оларды іздеуге Абай облысының ТЖ мамандарынан өзге, ұлттық парк қызметкерлері жұмылыдрылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Адамдардың хабарсыз жоғалып кеткендігі туралы отбасының таныстары хабарлағаннан кейін, аудан әкімі жедел әрекет етуімен төтенше жағдайлар мамандары мен "Тарбағатай" ұлттық паркінің қызметкерлерінен құрылған арнайы құтқарушылар тобы іздеуге аттанады, - деп хабарлады Абай облысы әкімдігі.
Құтқарушылар тобының жедел әрекет етуінің нәтижесінде жоғалған адамдар табылды.