Катонқарағай ауданының әкімі қызметінен кетті
Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің мәжілісінде мәлім болды
Фото:
instagram/dildar_kalikan
Ділдар Қалиқан қызметтен өз өтініші бойынша кетіп барады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Енді Катонқарағай ауданы әкімінің міндетін уақытша Расул Қарабалин атқарады.
Айта кетейік, Ділдар Қалиқан 2021 жылдың қаңтарынан бері Катонұарағай ауданы әкімі қызметін атқарып келді. Облыс әкімі Ермек Көшербаев оның білікті басшы болғанын атап өтіп, еңбек жолына сәт сапар тілеп, алғысын білдірді.